Қосшы қаласындағы мектеп-гимназияда «Балалар үшін қауіпсіз жол» профилактикалық акциясы өткізілді.
Іс-шара балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, жол-көлік оқиғаларының алдын алуға және оқушылар арасында жауапты мінез-құлық дағдыларын қалыптастыруға бағытталды.
Акция барысында оқушыларға жолда жүру ережелері, жаяу жүргіншілердің міндеттері, бағдаршам белгілерін сақтау және жолды қауіпсіз кесіп өту тәртібі түсіндірілді.
Мұндай профилактикалық шаралар балалардың өмірі мен денсаулығын қорғауға, олардың қауіпсіз жүріс-тұрыс дағдыларын қалыптастыруға және құқықтық мәдениетін арттыруға бағытталған.
Ақмола облысының прокуратурасы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-akm-obl/press/news/details/1241786?lang=ru

Жауап қалдыру