♟️ 2026 жылғы 15 маусымда Қостанай қаласында Қостанай, Павлодар, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстары өкілдері арасында шахматтан III ашық Senat Open кубогының жартылай финалы өтті.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

       

♟️ 2026 жылғы 15 маусымда Қостанай қаласында Қостанай, Павлодар, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстары өкілдері арасында шахматтан III ашық Senat Open кубогының жартылай финалы өтті.

Бейімбет Майлин ауданы атынан турнирге Перетрухина Ружена Дмитриевна және Ахметов Асылбек Каримжанович қатысты.

Зияткерлік сайысқа 136 шахматшы қатысып, Астана қаласында өтетін турнирдің финалына жолдама алу үшін бақ сынады. Senat Open турнирі үшінші жыл қатарынан әртүрлі жастағы және түрлі мамандық иелерін біріктіріп, еліміздегі шахматтың дамуына, стратегиялық ойлау қабілетін және зияткерлік спортты дамытуға өз үлесін қосып келеді.

Жартылай финал қорытындысы бойынша Ахметов Асылбек Каримжанович  турнирдің финалына жолдама алды.

Асылбек Кәрімжанұлына финалда сәттілік және жоғары нәтиже тілейміз! ♟️

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-beimbet-maylin/press/news/details/1241842?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді