АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯЛАРЫНЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯЛАРЫНЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ

 

16 маусым күні Zoom қосымшасы арқылы аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті.

Күн тәртібіне сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы орындау бойынша аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі, аудандық сәулет, құрылыс, ТҮКШ, ЖК және АЖ бөлімі басшыларының есептері, 2026 жылғы жазғы кезеңде балалардың демалысын, сауықтыруын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру бойынша білім бөлімінің жұмысы туралы, Бесқарағай ауданы бойынша Өңірлік жұмыспен қамту картасының орындалу барысы туралы мәселелері енгізіліп, қаралды.

Отырыс барысында депутаттар ұсыныстарын білдіріп, сондай-ақ өздерін қызықтырған мәселелер бойынша сұрақтар қойды.

Күн тәртібіндегі барлық мәселелер қаралды. Отырыс қорытындысы бойынша қаулы қабылданып, тиісті ұсынымдар берілетін болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/beskaragaymaslikhat/press/news/details/1241854?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді