
Қазақстан Республикасының мемлекеттік тіл саясатын насихаттау, қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту және өзге ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілді меңгеруге деген қызығушылығын арттыру мақсатында ұйымдастырылған «Мемлекеттік тіл – Тәуелсіздік символы» атты байқауда Шымкент қаласы ТЖД Тұран ауданы төтенше жағдайлар басқармасының Мамандандырылған жасақ бастығының көмекшісі азаматтық қорғау майоры Роман Александрович Письменский жүлделі І орынға ие болды.
Байқау барысында қатысушылар мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін көрсетіп, қазақ тілінің қоғамдағы рөлі мен маңыздылығын насихаттады. Роман Александрович Письменский мемлекеттік тілді еркін меңгергенін дәлелдеп, байқау тапсырмаларын жоғары деңгейде орындады.
Әріптесімізді жеңісімен құттықтай отырып, алдағы уақытта да толағай табыстар мен жаңа жетістіктер тілейміз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-shymkent/press/news/details/1241914?lang=ru

Жауап қалдыру