
15 маусым күні ауданның білім беру ұйымдарында «Таза Қазақстан: Жалпыұлттық экологиялық акция» челленджі өткізілді. Іс-шараның мақсаты – педагогтер мен білім алушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, қоршаған ортаға ұқыпты қарауға тәрбиелеу және азаматтық жауапкершілікті дамыту.
Челлендж аясында педагогтер, оқушылар және педагогикалық еңбек ардагерлері білім беру ұйымдарының аумақтарын, қоғамдық орындарды, саябақтар мен гүлзарларды тазалау және абаттандыру жұмыстарына белсене қатысты. Қатысушылар аумақтарды қоқыстан тазалап, жасыл аймақтарды ретке келтіріп, ауданның экологиялық жағдайын жақсартуға өз үлестерін қосты.
Педагогтер, білім алушылар мен ардагерлердің бірлескен еңбегі қоршаған ортаның тазалығына қамқорлық жасау мен туған өлкенің табиғи байлығын сақтауға бағытталған ұрпақтар сабақтастығының жарқын үлгісіне айналды.
Осындай іс-шаралар экологиялық құндылықтарды насихаттауға, белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыруға және жас ұрпақтың экологиялық сауаттылығын арттыруға ықпал етеді.
Челленджге қатысқан барлық азаматтарға белсенділігі, бастамашылдығы және қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне бейжай қарамағаны үшін алғысымызды білдіреміз. Бірлесе отырып, ауданымызды таза, көрікті әрі өмір сүруге қолайлы ете түсеміз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu-shalakynroo/press/news/details/1241946?lang=ru

Жауап қалдыру