Жасөспірімдердің қауіпсіздігі мен бос уақытын тиімді ұйымдастыру – басты назарда

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жуалы ауданының әкімі Жалғас Мұртазаның төрағалығымен аппараттық кеңес отырысы өтті. Кеңесте ауданның әлеуметтік саласына қатысты өзекті мәселелер қаралып, жауапты бөлім басшыларының баяндамалары тыңдалды.

Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе бойынша аудандық білім бөлімінің басшысы Бахыт Рахымжанқызы Шертаева Ұлттық бірыңғай тестілеудің қорытындылары және жасөспірімдердің жазғы демалыс кезеңіндегі бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндама жасады. Баяндама барысында аудан мектептерінің ҰБТ нәтижелері сараланып, түлектердің білім көрсеткіштері мен алдағы міндеттер талқыланды. Сонымен қатар, жазғы демалыс кезінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, оларды түрлі мәдени-спорттық іс-шараларға тарту және бос уақыттарын тиімді өткізу мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Аталған мәселе бойынша аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Сабит Мадықұлұлы Кадиров жастармен жүргізіліп жатқан жұмыстар жөнінде хабарлама жасады. Ол жастардың жазғы кезеңдегі белсенділігін арттыру, еріктілік қызметті дамыту, патриоттық және тәрбиелік бағыттағы іс-шараларды ұйымдастыру бойынша жоспарланған жұмыстарды таныстырды.

Күн тәртібіндегі екінші мәселе – жаз мезгілінде өрт қауіпсіздігінің алдын алу және судағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері болды. Бұл жөнінде аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Кеңесбек Өмірбекұлы Абдраймов баяндама жасап, аудан аумағында жүргізіліп жатқан профилактикалық жұмыстар туралы ақпарат берді.

Баяндамашының айтуынша, жазғы маусымда өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау және су айдындарындағы қайғылы оқиғалардың алдын алу мақсатында түсіндіру жұмыстары тұрақты жүргізілуде. Сонымен қатар, шомылуға тыйым салынған және қауіп төндіретін орындарға арнайы ескерту тақтайшаларын орнату жұмыстары қолға алынған. Тұрғындарға қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша түсіндіру шаралары жалғасуда.

Кеңес қорытындысында аудан әкімі жауапты мекеме басшыларына нақты тапсырмалар беріп, балалардың қауіпсіздігі, жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, өрт пен судағы төтенше жағдайлардың алдын алу бағытындағы жұмыстарды күшейтуді тапсырды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-zhualy/press/news/details/1241971?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді