Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің қызметкерлеріне жаңадан енгізілген ҚР «Мемлекеттік қызмет туралы» заңы және ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманың талаптарын сақтау мәселелері бойынша құқықтық оқыту сабағы өткізілді.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Әдеп жөніндегі уәкілдердің 2026 жылға арналған Үлгілік жұмыс жоспарына және ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министірінің  хаттамалық тапсырмасына сәйкес, 16.06.2026 жылы Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша  департамент басшысы Б.Ж.Шәріпбековтың төрағалығымен және ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының басшысы Т. М. Нұртаевтың қатысуымен  Департамент қызметкерлеріне 01.07.2026 жылдан бастап жаңадан қолданысқа енгізілетін ҚР «Мемлекеттік қызмет туралы» заңындағы өзгерістер мен толтырулар бойынша және «ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңнаманың талаптарын сақтау жөніндегі шаралар туралы тақырыбында құқықтық сабағы өткізілді.

         Құқықтық оқыту барысында, уәкілетті органның өкілі Т.М.Нұртаев қатысушыларға 01.07.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізілетін «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» жаңа Заңы мемлекеттік қызмет жүйесін жаңғыртуға, мемлекеттік аппараттың тиімділігін арттыруға және мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік қорғалуын күшейтуге бағытталғандығы және жаңа Заңның басты мақсаты – кәсіби, ашық және азаматтарға бағдарланған мемлекеттік қызметті қалыптастыру, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік және еңбек құқықтарын күшейту болып табылатындығы туралы толыққанды түсіндірме берді.

         Бұдан басқа, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – мемлекеттік қызметшілердің заңдылықты, адалдықты және қоғам сенімін қамтамасыз етуге бағытталған міндеттерінің бірі екендігі және  мемлекеттік қызметшіге қызметтік өкілеттігін жеке басының немесе үшінші тұлғалардың пайдасына пайдалануға, пара алуға, беруге немесе парақорлыққа делдал болуға, Заңда белгіленген жағдайларды қоспағанда, сыйлықтар мен қызметтер қабылдауға, қызметтік ақпаратты жеке мүдде үшін пайдалануға, мүдделер қақтығысына жол беруге немесе оны жасыруға тыйым салынатындығы туралы айтып өтті.

         Сонымен қатар, Департамент басшысы Б.Ж. Шәріпбеков мемлекеттік қызметкерлерге «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР заңнама талаптарын қатаң сақтап, әрбір қызметкер өз қызметтік міндеттерін адал, әділ және заң талаптарына сәйкес орындауға міндетті екендігі  және қызмет барысында қызметтік өкілеттіктерді жеке мүддеге пайдалануға, қандай да бір материалдық сыйақы, сыйлық немесе артықшылықтар алуға, сондай-ақ мүдделер қақтығысына жол беруге болмайтындығы жөнінде қатаң ескертті.

         Іс-шара соңында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға уәкілетті орган өкілі заңнама аясында түсіндірме берді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-kyzylorda/press/news/details/1242047?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді