Работникам ТОО «Arai East Food» разъяснили положения проекта Новой Конституции

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Arai East Food» ЖШС өндірістік алаңында кәсіпорын еңбек ұжымымен кездесу өтті. Басқосу «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» өңірлік коалициясының бастамасымен ұйымдастырылып, Жаңа Конституция жобасының негізгі мазмұны мен ұсынылып отырған өзгерістердің мәні түсіндірілді. Сондай-ақ 15 наурызда өтетін республикалық референдумның маңызы мен оның елдің құқықтық дамуына ықпалы туралы айтылды. Кездесу барысында өңірлік коалиция мүшелері Қуаныш Сүлейменов, Ұлан Сағадиев және Қайрат Смағұлов сөз сөйлеп, конституциялық өзгерістердің азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейтуге, құқықтық жүйені жетілдіруге бағытталғанын атап өтті. Кәсіпорын ұжымы да талқылауға белсенді қатысып, өздерін толғандырған сұрақтарын қойды. «Arai East Food» ЖШС заңгері Аслан Алдабергенов жаңа Конституция жобасында еңбек қатынастары мен азаматтардың құқықтарын қорғауға қатысты нормалардың маңызы зор екенін атап өтті. Кездесу ашық әрі мазмұнды диалог форматында өтіп, ұжым өкілдері жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттарына қолдау білдірді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/borodulihamaslikhat/press/news/details/1242085?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді