«Қауіпсіз жаз»: «Жасдәурен» лагерінің балаларына жол қауіпсіздігі бойынша акция өткізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Сандықтау ауданының прокуратурасының үйлестіруімен «Жасдәурен» балалар лагерінде кәмелетке толмаған демалушы балалар үшін жол қозғалысы қауіпсіздігі саласындағы балалардың білім денгейін арттыруға бағыттылған акция өткізілді.

Іс шара барысында прокуратура және полиция қызметкерлері  кәмелетке толмағандарға жол қозғалысы ережелерінің негізгі талаптарын түсіндіріп, жүргін бөліктен қауіпсіз өту ережелерін, жол белгілірі мен бағдаршам сигналдарының маңызын еске салды.

Жазғы демалыс кезеңінде жолдарда қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді.

Мұндай іс-шараларды өткізу өскелең ұрпақтың жолдарда қауіпсіз жүріс-тұрыс дағдыларын қалыптастыруға  және кәмелетке толмағандардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алуға ықпал етеді.

Ақмола облысының прокуратурасы

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-akm-obl/press/news/details/1242101?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді