Аудан әкімі А. Ксентаев дарынды жастарды марапаттады!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жастар — еліміздің тірегі, болашағымыздың кепілі. Бүгін ауданымыздың мақтанышына айналған 24 дарынды оқушы аудан әкімі А. Ксентаевтың қолынан арнайы марапат алып, үлкен құрметке ие болды.

Олардың қатарында:

  • 🔬 Ғылым мен білімде биіктерді бағындырған — 12 оқушы;
  • 🏃‍♂️ Спортта мықтылық танытып, үздік шыққан — 6 спортшы;
  • 🎨 Өнер жолында дараланып, көзге түскен — 6 оқушы бар.

Бұл марапат — жас таланттардың еңбегіне берілген лайықты баға және жаңа белестерді бағындыруға үлкен серпін.

Жас дарындарымызды жеңістерімен құттықтаймыз! Биік шыңдардан көріне беріңіздер!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-bayanaul/press/news/details/1242161?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді