Азаматтардың жеке қабылдауы өткізілді.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 15 маусымда Т. Рысқұлов ауданы тұрғындары үшін азаматтарды қабылдау өткізілді.
  Іс-шара халыққа көрсетілген құқықтық көмектің қолжетімділігін арттыру және құқықтық сипаттағы мәселелерді жедел шешу мақсатында ұйымдастырылды.
  Азаматтарды қабылдауға мемлекеттік сот орындаушысы, жеке сот орындаушысы, адвокат, нотариус және жергілікті атқарушы орган қызметкерлері қатысты.
   Қабылдау халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, сондай-ақ заңдылық пен құқықтық тәртіп қағидаттарын нығайтуға бағытталған көшпелі акция форматында өткізілді.
    Іс-шара барысында тұрғындарға қолданыстағы заңнама нормалары түсіндіріліп, құқықтарын жүзеге асыру және қорғау тәртібі бойынша құқықтық кеңестер берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-zhmb/press/news/details/1242209?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді