Ақтау қаласы Патрульдік полиция батальоны күшейтілген режимде қызмет атқаруда

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ақтау қаласында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу және жол қозғалысы ережелерінің сақталуын бақылау мақсатында Ақтау қаласы полиция басқармасының Патрульдік полиция батальоны күшейтілген жұмыс режиміне көшті.

Қазіргі таңда тәртіп сақшылары қала көшелері мен қоғамдық орындарда тәулік бойы қызмет атқарып, жедел жағдайды тұрақты бақылауда ұстап отыр. Полиция қызметкерлері қоғамдық тәртіпті сақтау, құқық бұзушылықтардың жолын кесу және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында кешенді жұмыстар жүргізуде.

Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары!

Қоғамдық орындарда тәртіпті сақтауға, заң талаптарын орындауға және жол қозғалысы ережелерін қатаң ұстануға шақырамыз. Күмәнді жағдайлар немесе құқық бұзушылықтар байқалған жағдайда дереу «102» арнасына хабарлауларыңызды сұраймыз.

Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету – баршамызға ортақ міндет.

https://www.instagram.com/reel/DZnZTs-q0RV/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1242392?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді