Білім беру ұйымдары басшылары кеңесі өтті.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылдың 17 маусымында Күршім ауданы бойынша білім бөлімінің жоспарына сәйкес білім беру ұйымдары басшылары кеңесі өтті.
Күн тәртібінде төмендегі сұрақтар қаралды:

11.03.2026 ж өткен білім беру ұйымдары басшылары кеңесіндегі мәжіліс хаттамалық шешімінің орындалуы туралы (Ақпарат беруші: ӘК меңгерушісі Солтанқызы Айзада)

1. 2025-2026 оқу жылының білім сапасы және қорытынды аттестаттаудың нәтижесі. (Баяндамашы: Жақсыбаев С.К.- білім бөлімінің бас маманы)

2. 2026 жылы оқушылардың жазғы демалысын және сауықтыруын ұйымдастыру туралы. (Баяндамашы: Идаятов С.А. – білім бөлімінің әдіскері)

3. Аудандағы білім беру ұйымдарының 2026 жылғы өзін-өзі бағалау және мемлекеттік аттестаттау барысы туралы. (Баяндамашы: Солтанқызы А. – ӘК меңгерушісі)

4. Дарынды балалармен жұмыс жағдайы туралы (зияткерлік сайыстар, пәндік олимпиадалар және ғылыми жобалар). (Баяндамашы: Кабдуалиева Г.К. – білім бөлімінің әдіскері)
Ақпараттар мен баяндамалар назарға алынып, мекеме басшылары мен ББ мамандарына жазғы уақытта балалардың қауіпсіздігі және жазғы демалыстың дұрыс ұйымдастырылуы, мекемелердің ағымдағы жөндеу жұмыстары сапалы және уақытылы орындалуы, т. б. бірқатар тапсырмалар берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kurchum-roo/press/news/details/1242420?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді