
Қазіргі уақытта интернет және телефон байланысы арқылы жасалатын алаяқтық қылмыстарының саны артып келеді. Алаяқтар түрлі тәсілдерді қолданып, өздерін банк қызметкері, құқық қорғау органы өкілі немесе танысыңыз ретінде таныстырып, азаматтардың жеке және қаржылық мәліметтерін алуға әрекет етеді.
Алаяқтардың құрбаны болмау үшін келесі қауіпсіздік шараларын сақтау қажет:
• Банк картасының нөмірін, CVV кодын және SMS арқылы келген растау кодтарын ешкімге хабарламаңыз;
• Күмәнді сілтемелерге өтпеңіз және белгісіз қосымшаларды жүктемеңіз;
• Бейтаныс адамдардың өтініші бойынша ақша аудармаңыз;
• Интернет арқылы тауар сатып алу кезінде сатушының сенімділігіне көз жеткізіңіз;
• Кез келген күмәнді қоңыраулар мен хабарламаларға сақтықпен қараңыз.
Жеке деректеріңізді қорғау және қаржылық қауіпсіздікті сақтау үшін әрдайым қырағылық танытыңыз.
Заң мен тәртіп – қауіпсіз қоғамның негізі.
https://www.instagram.com/reel/DZm_4gcs2Ok/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1242485?lang=ru

Жауап қалдыру