
Азаматтардың назарына!
”Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Павлодар облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті” РММ Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің бұйрығына сәйкес 2026 жылғы 2 маусымнан бастап Департаменттің және оның аумақтық басқармаларының жұмыс кестесі өзгергенін хабарлайды.
Департаменттің және оның аумақтық басқармаларының жұмыс режимі демалыс және мереке күндерін қоспағанда, күн сайын сағат 08-30-дан 18:00-ге дейін, түскі үзіліс 13.00-ден 14-30-ға дейін.
Бірыңғай жұмыс кестесі бөлімшелер арасындағы өзара іс-қимылды жақсартып, жұмысты тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында сұрақтар туындаған жағдайда, Павлодар облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне 55-39-14, 55-18-82 байланыс телефондары арқылы хабарласа аласыз.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-pavlodar/press/news/details/1242581?lang=ru

Жауап қалдыру