
Екібастұз қаласының 69 жылдығына арналған мерекелік іс-шаралар аясында «Өнер» мәдениет сарайының алдындағы алаңда ауқымды мерекелік концерт ұйымдастырылды.
Қала тұрғындары мен қонақтарын біріктірген мерекелік кеш ерекше көңіл-күй сыйлап, мыңдаған көрерменнің басын қосты. Іс-шара барысында қаланың жетістіктері мен даму жолы дәріптеліп, Екібастұздың өткені мен бүгініне арналған мазмұнды бағдарламалар ұсынылды.
Мерекелік концертте жергілікті өнерпаздармен қатар танымал эстрада жұлдыздары өнер көрсетті. Атап айтқанда, халықаралық деңгейдегі орындаушы Willy William, танымал рэп-орындаушы Ulukmanapo, әнші Принц, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Тоқтар Серіков пен Бейбіт Сейдуалиева, сондай-ақ Еңлік пен Баянсұлу өздерінің үздік әндерін орындап, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.
Концерт барысында қала тұрғындары мен қонақтары сүйікті әншілерінің өнерін тамашалап, мерекелік атмосфераны бірге сезінді. Кеш соңында ұйымдастырылған әсерлі отшашу Екібастұз аспанын жарқыратып, мерекенің көркін одан әрі арттыра түсті.
Екібастұз қаласының 69 жылдығына арналған мерекелік іс-шараның өтуіне қолдау көрсеткен демеушілер — KBI Energy Group, Богатырь Көмір, Fonet Er-Tai AK MINING және Ангренсор Энерго компанияларына алғыс білдіреміз.
Қала күні мерекесі тұрғындардың бірлігі мен ынтымағын айқындап, Екібастұздың жарқын болашағына деген сенімді нығайтқан маңызды оқиға болды. Туған қаламыздың мерейі әрдайым үстем болып, өсіп-өркендей беруіне тілектеспіз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ekibastuz-politika/press/news/details/1242817?lang=ru

Жауап қалдыру