Қазақстан мен Бразилия арасындағы парламентаралық ынтымақтастықтың келешегі талқыланды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бразилиа, 2026 жылғы 17 маусым – Қазақстанның Төтенше және Өкілетті Елшісі Болат Нүсіповтің Бразилия Ұлттық Конгресі Федералдық сенаторы, «БразилияҚазақстан» парламенттік достық тобының жетекшісі Чико Родригеспен кездесуі өтті.

Кездесу барысында тараптар екіжақты парламентаралық ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын талқылап, оны одан әрі тереңдетуге өзара мүдделіліктерін растады.

Қазақстан Елшісі сұхбаттасушысын елімізде жүзеге асырылып жатқан ауқымды саяси реформалар туралы, соның ішінде 2026 жылғы
1 шілдеден бастап Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының күшіне енуі, алдағы бір палаталы Құрылтай сайлауы және «Қазақстан Халық Кеңесінің» құрамын қалыптастыру үдерісі жөнінде хабардар етті. Аталған өзгерістер елдің саяси дамуындағы маңызды кезеңге айналып, негізгі мемлекеттік институттарды кешенді жаңғыртудың қорытынды сатысы болатыны атап өтілді.

Бразилия сенаторы Қазақстандағы конституциялық реформаларға жоғары баға беріп, ел мен Қазақстан халқына алдағы Құрылтай сайлауында табыс тіледі. Кездесу соңында тараптар ағымдағы жылы олардың жаңартылған құрамын ескере отырып, Қазақстан мен Бразилия парламенттерінің достық топтарының кезекті бірлескен отырысын өткізу мүмкіндігін талқылады.

Анықтама үшін: Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының «Қазақстан – Бразилия» достық тобы мен Бразилия Федеративтік Республикасы Ұлттық конгресі Федералдық сенатының «Бразилия Қазақстан» достық тобының алғашқы отырысы 2021 жылғы
13 қыркүйекте бейнеконференция форматында өтті. Қазақстан делегациясын ҚР Парламенті Сенатының Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің төрағасы, «Қазақстан
 – Бразилия» достық тобының жетекшісі Дәурен Әділбеков басқарды. Бразилия тарапынан «Бразилия Қазақстан» достық тобының жетекшісі, Федералдық сенаторы Чико Родригес қатысты.

Достық топтарының екінші отырысы 2023 жылғы 25 қыркүйекте Астана қаласында өтті. Қазақстан тарапын ҚР Парламенті Сенатының депутаты Сұлтанбек Мәкежанов, ал Бразилия тарапын Бразилия Ұлттық конгресі Федералдық сенаторы Чико Родригес басқарды.

 

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-brazil/press/news/details/1242824?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді