🚨 САЛЫҚ ТЕКСЕРУЛЕРІ – 2026: БИЗНЕС ҮШІН 10 НЕГІЗГІ ӨЗГЕРІС

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2025 жылғы 18 шілдеде қабылданған Қазақстан Республикасының жаңа Салық кодексіне сәйкес, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап салықтық бақылау және салықтық тексерулер жүргізу тәртібіне бірқатар маңызды өзгерістер енгізіледі.

📌 Негізгі жаңалықтар:

✅ 1. Жоспарлы және жоспардан тыс тексерулер ұғымы алынып тасталды

Енді салықтық бақылау тек салықтық тексеру нысанында жүзеге асырылады. Ерекше жағдайлар Кәсіпкерлік кодексінде көзделген тексерулерге қатысты қолданылады.

✅ 2. Салықтық тексеру тағайындау негіздері қысқартылды

Тексеру жүргізу негіздерінің саны 12-ден 4-ке дейін азайтылды.

✅ 3. Тақырыптық тексерулер бойынша мәселелер тізбесі кеңейтілді

Жаңа Салық кодексінің 156-бабында тақырыптық тексерулердің 35 мәселесі жүйелендірілді (бұрын – 22).

✅ 4. Кешенді тексерулер салықтық жүктеме коэффициентіне байланысты тағайындалады

Кешенді тексеру жүргізу үшін салықтық жүктеме коэффициенті (СЖК) тиісті қызмет түрі мен өңір бойынша жоғарғы көрсеткіштің кемінде 90%-ын құрауы тиіс.

✅ 5. Нұсқама 3 жұмыс күні ішінде табысталуы тиіс

Тексеру тағайындау туралы нұсқама шығарылған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде салық төлеушіге тапсырылуы қажет.

✅ 6. Нұсқамаға шағымдану тексеруді тоқтатпайды

Салық төлеуші нұсқамаға шағым берген жағдайда да тексеру жалғаса береді.

✅ 7. Құжат айналымы электрондық форматқа көшіріледі

Нұсқамадан басқа барлық құжаттар салық төлеушінің кабинеті арқылы электронды түрде жолданады.

✅ 8. Құжаттарды ұсыну мерзімдері қысқартылды

* Негізгі мерзім – 10 жұмыс күні;
* Құжаттар болмаған жағдайда – 30 жұмыс күні.

Шағын және микро бизнес субъектілеріне құжат талап ету екі реттен артық жолданбайды.

✅ 9. Тексеру жүргізу мерзімдері шектелді

Микро, шағын және орта бизнес субъектілеріне қатысты салықтық тексерудің жалпы мерзімі 180 күнтізбелік күннен аспауға тиіс.

Ерекшеліктер:
* ірі кәсіпкерлік субъектілері;
* халықаралық келісімдер шеңберінде шетел мемлекеттеріне сұрау салу жағдайлары.

✅ 10. Талап қою мерзіміне қатысты өзгерістер

Нұсқама табысталған сәттен бастап талап қою мерзімінің өтуі тексеру аяқталғанға дейін тоқтатылады.

Сонымен қатар, талап қою мерзімі аяқталуына 30 күнтізбелік күннен аз уақыт қалғанда салықтық тексеру тағайындауға жол берілмейді.

📌 Аталған өзгерістер салықтық әкімшілендірудің ашықтығын арттыруға, тексеру мерзімдерін қысқартуға және бизнеске түсетін әкімшілік жүктемені азайтуға бағытталған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-karaganda/press/news/details/1242898?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді