
Отбасы — әрбір адам баласы үшін ең қасиетті, ең жылы мекен. Отан отбасынан басталады. Осы айтулы мерекеге орай Жылысай ауылдық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен «Ана-сыйластық пен сабырдың символы » атты сурет және фотокөрмесі өткізілді.
Көрмеге қатысушы мекеме қызметкерлері өз туындылары арқылы шаңырақтың шаттығын, ата-анаға деген ыстық ықыласы мен отбасылық құндылықтарды шебер жеткізе білді. Өнерлі қызметкерлерімізге шығармашылық табыс, ал әрбір отбасына береке мен бірлік тілейміз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kegen-zhylysai/press/news/details/1242929?lang=ru

Жауап қалдыру