КЕНТАУДА КІШІ ФУТБОЛДАН АШЫҚ ТУРНИР ӨТУДЕ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Кентау қаласында ардагер спортшы, спорт жанашыры әрі кенші Құрманбай Жолдыбаевтың 65 жас мерейтойына арналған ардагерлер арасында кіші футболдан қалалық ашық турнир ұйымдастырылды.

Спорттық шараның ашылу салтанатына қала әкімінің орынбасары Нұрдаулет Медеуов, «AMANAT» партиясы Кентау қалалық филиалының төрағасы Арман Басаров және қалалық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Жолшыбек Аққұлов қатысып, жарысқа қатысушыларды мерейтой иесінің өнегелі өмір жолымен құттықтап, турнирдің жоғары деңгейде өтуіне тілектестік білдірді. Сондай-ақ, қатысушыларға сәттілік тілеп, ойындардың тартысты әрі қызықты өтуіне, ардагерлер арасындағы достық пен ынтымақтастықтың нығая түсуіне сенім білдірді.

Турнирге 50 жастан асқан ардагер спортшылардан құралған командалар қатысуда. Атап айтқанда, Қызылорда, Шымкент, Тараз, Түркістан және Кентау қалаларынан келген 8 команда өзара бақ сынауда.

Аталған жарыстың басты мақсаты – ардагер спортшылардың өнегелі өмір жолын дәріптеу, бұқаралық спортты дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау және жас ұрпақты спортпен тұрақты айналысуға ынталандыру. Сонымен қатар, аға буын спортшылардың белсенді өмір салтын үлгі ете отырып, жастарды зиянды әдеттер мен теріс әрекеттерден аулақ болуға шақыру.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kentau-kalasy/press/news/details/1242985?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді