2025 жылғы 1 сәуірдегі №200 қаулысымен бекітілген «Қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын ілгерілету жөніндегі 2025–2030 жылдарға арналған тұжырымдама» тақырыбында түсіндіру жұмыстары

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 17 маусымда Ұлытау облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Жакупбекова Гаухар Набиевна Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 1 сәуірдегі №200 қаулысымен бекітілген «Қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын ілгерілету жөніндегі 2025–2030 жылдарға арналған тұжырымдама» тақырыбында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Кездесу барысында тұжырымдаманың негізгі мақсаттары мен міндеттері таныстырылып, заң үстемдігін нығайту, құқықтық мәдениетті қалыптастыру, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру және қоғамдағы тәртіп пен жауапкершілікті күшейту мәселелері талқыланды.

Іс-шараға қатысушыларға заң талаптарын сақтау, құқық бұзушылықтардың алдын алу, адалдық пен әділдік қағидаттарын насихаттаудың маңыздылығы түсіндірілді.

 Сондай-ақ құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудегі мемлекеттік органдардың, білім беру ұйымдарының және азаматтық қоғам институттарының рөліне ерекше назар аударылды.

Кездесу соңында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, тұжырымдаманы іске асырудың практикалық тетіктерін талқылады.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/control-ulytau/press/news/details/1242993?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді