Профилактические мероприятия «Ішімдіксіз ауыл».

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қоғамда «Заң және Тәртіп» идеологиясын ілгерілету жөніндегі 2025–2030 жылдарға арналған тұжырымдаманы іске асыру, сондай-ақ «Ішімдіксіз ауыл» бастамасын одан әрі насихаттау мақсатында 2026 жылғы 15–19 маусым аралығында Жданов ауылдық округінің аумағында «Ішімдіксіз ауыл» профилактикалық іс-шарасы өткізілді.

Іс-шара аясында салауатты өмір салтын насихаттауға, құқық бұзушылықтардың алдын алуға және «Ішімдіксіз ауыл» бастамасын одан әрі ілгерілетуге бағытталған рейдтік, ақпараттық-түсіндіру және профилактикалық жұмыстар жүргізілді.

Ауылдық округ тұрғындарымен ауыл ақсақалдары мен қоғам өкілдерін тарта отырып, «Ішімдіксіз ауыл» бастамасын қолдау бағытында түсіндіру жұмыстары өткізілді.

Іс-шараның негізгі міндеттері – алкогольдік масаң күйде жасалатын құқық бұзушылықтардың алдын алу, халықтың назарын алкогольге тәуелділік мәселесіне аудару, салауатты өмір салтын насихаттау, сондай-ақ алкоголь өнімдерін сатудан және тұтынудан ерікті түрде бас тартқан елді мекендер санын арттыру.

Түсіндіру және профилактикалық жұмыстарды Жданов ауылдық округінің әкімі Жапанов А.К. және Жданов ауылдық округінің учаскелік полиция инспекторының міндетін уақытша атқарушысы, полиция майоры Кенжегарин Е.Ж. жүргізді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kostanai-zhdanov/press/news/details/1243092?lang=ru