УАҚЫТША ДЕПУТАТТЫҚ КОМИССИЯ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
УАҚЫТША ДЕПУТАТТЫҚ КОМИССИЯ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ
Ордабасы аудандық мәслихат төрағасының өкіміне сәйкес Қажымұқан ауыл округі әкімінің атқарған жұмыстары туралы есепті алдағы мәслихат сессиясында қарауға дайындық мақсатында уақытша депутаттық комиссия құрылды.
Комиссияның негізгі міндеті – ауыл округі әкімінің қызметін жан-жақты зерделеп, атқарылған жұмыстардың нәтижелілігін бағалау, тұрғындарды толғандыратын өзекті мәселелерді саралау және алдағы кезеңге қатысты ұсыныстар әзірлеу.
Осы бағытта комиссия мүшелері ауыл округіндегі әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерімен танысып, сондай-ақ тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелер мен ұсыныстар да назарға алынады.
Зерделеу жұмыстарының қорытындысы бойынша уақытша депутаттық комиссия өз ұсыныстары мен тұжырымдарын аудандық мәслихаттың алдағы сессиясында таныстырып, ауыл округі әкімінің жұмысына қатысты қорытындысын ұсынатын болады.
Ордабасы аудандық мәслихатының депутаттары жергілікті өзін-өзі басқаруды жетілдіру, халықтың әл-ауқатын арттыру және мемлекеттік бағдарламалардың тиімді орындалуын қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды тұрақты бақылауда ұстайды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ordabasy-maslihat/press/news/details/1243107?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді