Бейжің халықаралық кітап көрмесінде Қазақстанның ұлттық стенді таныстырылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан Бейжің қаласында өтіп жатқан әлемдегі ең ірі кітап көрмелерінің бірі – Beijing International Book Fair көрмесіне қатысуда. Биыл еліміз аталған халықаралық алаңда арнайы ұлттық стендін ұсынды.

Көрмеге Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы мен Ұлттық кітапханасының, сондай-ақ еліміздің жетекші баспаларының өкілдері қатысып жатыр.

Ұлттық стендте шетелдік оқырмандарды қазақ әдебиетімен, Қазақстанның тарихы және мәдениетімен таныстыратын 100-ге жуық отандық басылым ұсынылған.

Beijing International Book Fair-ге әлемнің түкпір-түкпірінен келген баспагерлер, қаламгерлер, аудармашылар және авторлық құқық саласының мамандары қатысуда. Қазақстанның көрмеге қатысуы отандық әдебиетті шетелде кеңінен насихаттауға, жаңа аударма жобаларын жүзеге асыруға және халықаралық кәсіби байланыстарды нығайтуға мүмкіндік береді.

Көрме 21 маусымға дейін жалғасады.

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/1243201?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді