ЖАҢАСЕМЕЙ АУДАНЫНДА ҚОСЫМША КІРІС КӨЗДЕРІН АНЫҚТАУ БОЙЫНША ЖИЫН ӨТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Аудан әкімінің орынбасары Айнұр Сұлтанованың төрағалығымен аудан бюджетінің кіріс бөлігін ұлғайту және қосымша кіріс көздерін анықтау мәселелері бойынша жиын өтті.

Жиынға Жаңасемей ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының бас мамандары, сондай-ақ Абай облысы ветеринария басқармасының «Облыстық ветеринариялық қызмет» ШЖҚ КМК өкілдері қатысты.

Жиын барысында Шүлбі кенті мен Новобаженова, Приречный, Қараөлең ауылдық округтері мен Шүлбі кентінің әкімдері өзіндік кірістерді ұлғайту, қосымша кіріс көздерін анықтау және 2024–2026 жылдары қалыптасқан салықтық берешектерді өндіру бағытында атқарылған жұмыстар туралы баяндама жасады.

Кездесу барысында ауданның кіріс әлеуетін арттыру, қосымша резервтерді тиімді пайдалану және бюджетке түсетін түсімдерді көбейту мәселелері талқыланды. Сондай-ақ салықтық берешектерді азайту және түсімдердің орындалуын қамтамасыз ету бойынша нақты міндеттер белгіленді.

Жиын қорытындысы бойынша жауапты мекемелерге тиісті тапсырмалар берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-zhanasemey/press/news/details/1243294?lang=ru