Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кеңейтілген отырысы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

16 маусым күні аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімінің міндетін атқарушы Таңат Талғатұлы Нұрмағанбетовтің төрағалығымен кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кеңейтілген отырысы өтті.

Жиынға білім беру ұйымдарының директорлары, үштік құрамдағы ата-аналар комитеттерінің өкілдері және тойхана иелері қатысты.

Күн тәртібінде мектеп түлектеріне аттестат тапсыру рәсімдерін және бітіру кештерін өткізу кезіндегі тәртіп талаптарын сақтау мәселелері қаралды.

Отырыста аудандық білім беру бөлімінің басшысы Шоқан Жазықбайұлы Джаулыев сөз сөйлеп, Оқу-ағарту министрлігінің мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, сондай-ақ орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында заңсыз ақша жинауға және бітіру іс-шараларын өткізу барысында заң талаптарын сақтауға қатысты тапсырмаларын түсіндірді.

Сонымен қатар, аудандық полиция бөлімінің КҚБ ЮПТ КТІЖ аға учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаны Жанар Сәуірбайқызы Оразбаева кәмелетке толмаған түлектердің қатысуымен өтетін іс-шаралар кезінде құқық бұзушылықтардың алдын алу, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және заң талаптарын сақтау мәселелері бойынша ақпараттық баяндама жасады.

Жиын қорытындысында жауапты мекемелерге бітіру іс-шараларын ұйымдастыру кезінде қауіпсіздік шараларын күшейту және құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша нақты тапсырмалар берілді.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1243406?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді