
Маңғыстау облысы Полиция департаментінің Профилактикалық жұмысты үйлестіру басқармасы қоғам белсендісі Гүлдана Ұлықпан және әлем чемпионы Бекзад Нұрдаулетовпен бірлесіп қылмыс пен құқықбұзушылықтың алдын алу бағытындағы бастамаларды қолдауға келісті.
Аталған бастаманың басты мақсаты – қоғамда құқықтық мәдениетті қалыптастыру, жастар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу және тұрғындармен профилактикалық жұмыстарды күшейту.
Алдағы уақытта тараптар ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу, әлеуметтік желілер арқылы халықпен кері байланысты нығайту, жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру және салауатты өмір салтын насихаттау бағытында бірлескен жобаларды жүзеге асырады.
Қоғам белсенділері мен танымал тұлғалардың қатысуы профилактикалық іс-шаралардың тиімділігін арттырып, қоғам мен полиция арасындағы сенімді нығайтуға оң ықпал етеді.
Бірлесе атқарған жұмыс – қауіпсіз қоғам кепілі!
https://www.instagram.com/reel/DZtkcThMEnW/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1243405?lang=ru

Жауап қалдыру