
Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері Маңғыстау облысы Полиция департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп, түнгі уақытта «Еркін жол жүру» атты профилактикалық рейд өткізді.
Іс-шара барысында көпқабатты тұрғын үйлердің кіреберіс жолдарын бөгеп тұрған автокөлік иелері анықталып, оларға қатысты қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес әкімшілік шаралар қабылданды. Сондай-ақ тұрғындармен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Рейдтің негізгі мақсаты – өрт сөндіру және авариялық-құтқару техникаларының төтенше жағдайлар кезінде тұрғын үйлерге кедергісіз жетуін қамтамасыз ету, сондай-ақ азаматтардың қауіпсіздік деңгейін арттыру.
Мамандар арнайы техникалардың қозғалысына кедергі келтіретін көліктердің адам өмірі мен денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін екенін атап өтті. Сондықтан автокөлік иелеріне көлік құралдарын тек арнайы белгіленген орындарға қою қажеттігі түсіндірілді.
Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарды арнайы техникалардың жүру жолдарын жаппауға, өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауға және қоғамдық қауіпсіздікке жауапкершілікпен қарауға шақырады.
Төтенше жағдайда әрбір минут маңызды!
https://www.instagram.com/reel/DZrE_LTJ4p0/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1243433?lang=ru

Жауап қалдыру