Ырғыз ауданында көшпелі отырыс

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Медициналық-әлекуметтік сараптама департаменті комитетінің №1 бөлімі,Ақтөбе облысы бойынша халықты әлеуметтік қорғау саласын реттеу және бақылау департаментінің жұмыс кестесіне сәйкес,4-5 маусым аралығында Ырғыз ауданында көшпелі отырыс өткізді. Отырыс барысында мүгедектікті және еңбекке қабілеттіліктен айырылу дәрежесін белгілеу, сондай-ақ қажетті әлеуметтік қопғау шараларын анықтау бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетілді, халыққа медициналық-әлеуметтік мәселелер бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Бөлім басшысы А.А. Низамутдинованың жетекшілігімен аудандық аурухана дәрігерлерімен бірлескен семинар барысында медициналық-әлеуметтік сарапатаманың өзекті мәселелері, аудандағы алғашқы мүгедектік пен оңалтудың жағдайы талқыланды.
Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңын қатаң сақтау қажеттілігіне, сондай-ақ науқастарды медициналық-әлеуметтік сараптамаға жолдау кезінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу қабылданған шараларға ерекше назар аударылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-aktobe/press/news/details/1243494?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді