
Бүгін қалалық мәслихаттың Бюджет, қаржы, шағын және орта бизнесті дамыту жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтті. Комиссия отырысында «2025 жылғы қалалық бюджеттің игерілуі мен орындалуы туралы есеп» мәселесі қаралды. Аталған мәселе бойынша Приозерск қаласының экономика және қаржы бөлімінің басшысы А.С. Шамшатов баяндама жасады. Баяндама барысында 2025 жылғы қалалық бюджеттің кіріс және шығыс бөліктерінің орындалуы жөнінде жан-жақты ақпарат ұсынылды. Атап айтқанда, жоспарланған кірістердің орындалу деңгейі, нақты түскен түсімдердің құрылымы (салықтық және салықтық емес түсімдер, трансферттер), сондай-ақ бюджет қаражатының білім беру, әлеуметтік қолдау, инфрақұрылымды дамыту және коммуналдық қызметтер салалары бойынша игерілуі туралы мәліметтер берілді. Бюджет қаражатының басым бөлігі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамытуға, мемлекеттік қызметтердің сапалы көрсетілуін қамтамасыз етуге, мәдениет, спорт және әлеуметтік қолдау салаларын қаржыландыруға бағытталды. Сонымен қатар, бюджет қаражатын игеру барысында туындаған негізгі мәселелер мен оларды шешу жолдары талқыланды. Комиссия мүшелері баяндама бойынша бірқатар сұрақтар қойып, өз ұсыныстары мен пікірлерін ортаға салды. Тұрақты комиссия мүшелері бюджет қаражатының тиімді әрі мақсатты жұмсалуына, сондай-ақ жоспарлау мен орындау арасындағы үйлесімділікті қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударды. Отырыс қорытындысы бойынша қаралған мәселе бақылауға алынып, тиісті ұсынымдар берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-karaganda-priozersk/press/news/details/1243527?lang=ru

Жауап қалдыру