
Жаңаталап орта мектебі, «Жас түлек – 2026» аттестат табыстау рәсімі салтанатты түрде өтті!
Бүгін мектеп қабырғасындағы ең әсерлі де толқынысты сәттердің бірі – 9 және 11 сынып түлектеріне аттестат табыстау рәсімі өтті.
Бұл күн – шәкірттердің білім жолындағы еңбегі мен табандылығының жемісі, ұстаздар мен ата-аналардың ақталған үміті.
Құрметті түлектер! Алда сіздерді жаңа белестер мен үлкен мүмкіндіктер күтіп тұр. Арман-мақсаттарыңыз биік болып, таңдаған жолдарыңыз сәттілікке толы болсын! Қайда жүрсеңіздер де туған мектебіңіздің абыройын асқақтатып, ел болашағына үлес қосатын азамат болып өсіңіздер!
Ақ жол, жас түлектер!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-karatal-balpyk/press/news/details/1243563?lang=ru

Жауап қалдыру