📚 «Уикипедияға мақала орналастырудың алгоритмдері және ақпараттық кеңістіктегі адалдық мәдениеті» тақырыбындағы облыстық семинар өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 

2026 жылғы 18 маусым күні Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен «Уикипедияға мақала орналастырудың алгоритмдері және ақпараттық кеңістіктегі адалдық мәдениеті» тақырыбында облыстық семинар өткізілді.

Іс-шараға Ақтөбе қаласы мен аудан әкімдіктерінің тіл мәселесіне жауапты мамандары, кітапхана қызметкерлері және ғалымдар қатысты.

Семинар барысында Қазақша Уикипедия әкімшісі Рахым Сабиханов қатысушыларға Уикипедияға тіркелу, энциклопедиялық мақала жазу, өңдеу және жариялау алгоритмдерін тәжірибелік тұрғыда түсіндірді.

Сондай-ақ, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының бас маманы Әсел Тоқбасова адалдық құндылықтары мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнама талаптары туралы ақпарат берді.

Семинардың мақсаты – қазақ тіліндегі цифрлық контенттің сапасын арттыру, Уикипедия қорын толықтыру және ақпараттық кеңістікте адалдық мәдениетін қалыптастыру.

#Адалдық
#ЖемқорлыққаЖолЖоқ
#МемлекеттікҚызмет
#Ақтөбе
#ЗаңЖәнеТәртіп
#Әділдік
#АдалБолсаңҚорықпайсың
#ТілСаясаты
#Уикипедия
#АқпараттықКеңістік

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-til/press/news/details/1243575?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді