Есірткіге қарсы шығармашылық: Жетісу облысында студенттер арасында сурет байқауы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Есірткіге қарсы шығармашылық: Жетісу облысында студенттер арасында сурет байқауы өтті

«Әрбір жас болашағының өз қолында екенін түсінуі керек. Денсаулық пен өмірдің құны жоқ, ал дұрыс таңдау жарқын келешекке бастайды».

Жетісу облыстық агротехникалық колледжінде Жетісу облысы полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастамасымен өңірдегі колледж студенттері арасында есірткіге қарсы сурет байқауы ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – жастар арасында есірткіге деген теріс көзқарасты қалыптастыру, салауатты өмір салтын насихаттау және белсенді азаматтық ұстанымды дәріптеу.

Байқауға облыстың әртүрлі оқу орындарының студенттері қатысып, өздерінің мазмұнды әрі ерекше шығармашылық жұмыстарын ұсынды. Қатысушылар көркем бейнелер арқылы есірткінің адам өміріне тигізетін зиянын көрсетіп, зиянды әдеттерден ада өмірдің артықшылықтарын насихаттады.

Байқаудың ерекшелігі – әр қатысушы өз туындысын таныстырып, сурет арқылы жеткізгісі келген негізгі идеясымен бөлісті. Жастар өз қатарластарын денсаулықты сақтауға, спортпен айналысуға, білім алуға және жеке дамуға басымдық беріп, есірткіден аулақ болуға шақырды.

Мұндай іс-шаралар жасөспірімдер мен жастар арасында есірткінің алдын алуда маңызды рөл атқарып, құқықтық сауаттылықты арттыруға, қоғамда есірткіге қарсы иммунитетті нығайтуға және салауатты әрі қауіпсіз өмір салты мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-zhetysu/press/news/details/1243584?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді