
18 маусымда Бейқұт Жамангозовтың төрағалығымен аудандық мәслихаттың әлеуметтік–қоғамдық даму, үкіметтік емес ұйымдар мен қоғамдық бірлестіктер, қоғамдық құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтті. Онда “Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің қызметі туралы” жоспарлы мәселе қаралды, баяндаманы аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Болат Әміралиев ұсынды. Депутаттар бұл мәселені жан – жақты талқылап, ауданда төтенше жағдайлардың туындау қаупін барынша азайтуға, сондай-ақ адамдардың өмірі мен денсаулығын сақтауға, олар туындаған жағдайда материалдық шығындардың мөлшерін азайтуға бағытталған іс-шараларды алдын ала жүргізуді, сондай–ақ шаруашылық жүргізуші субъектілердің өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауы жөніндегі жұмысты күшейтуді және халық арасында алдын алу жөніндегі жұмысты жүйелі жүргізуді ұсынды Төтенше жағдайлар. Қаралған мәселе бойынша тиісті қаулы қабылданды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-korday/press/news/details/1243582?lang=ru

Жауап қалдыру