
Ағымдағы жылдың 18 маусымында Жамбыл облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінде құқықтық жалпыға бірдей оқыту сағаты өткізілді.
Іс-шара барысында Департамент басшысы М. Нысанбаев қызметкерлерді Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 1 сәуірдегі №200 қаулысымен бекітілген «Қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын ілгерілету жөніндегі 2025–2030 жылдарға арналған тұжырымдаманың» негізгі бағыттарымен таныстырды.
Талқылау барысында құқықтық сана мен заңға құрмет мәдениетін қалыптастыру қауіпсіз әрі әділетті қоғам құрудың маңызды негізі екендігі атап өтілді. Сонымен қатар, құқықтық мәдениетті нығайту және құқық бұзушылықтарға мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастыру жұмыстарының білім беру ұйымдарынан басталуы қажеттігі айтылды.
Осыған байланысты Департамент қызметкерлеріне педагогикалық әдеп талаптарының сақталуын бақылауды күшейту, лицензиялау және мемлекеттік аттестаттау рәсімдерінің ашықтығын қамтамасыз ету, сондай-ақ білім беру ұйымдарында құқықтық ағарту жұмыстарын жандандыру бойынша міндеттер жүктелді.
Департамент басшысы әрбір мемлекеттік қызметшінің өз лауазымдық міндеттерін орындау барысында заңдылық, ашықтық және адалдық қағидаттарын басшылыққа алуы маңызды екенін атап өтті.
Құқықтық жалпыға бірдей оқыту қорытындысы бойынша Тұжырымдама ережелерін іске асыру және білім беру саласындағы заңнама талаптарының сақталуын қамтамасыз ету бағытында нақты тапсырмалар берілді
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/control-zhambyl/press/news/details/1243591?lang=ru

Жауап қалдыру