
✔️Медицина қызметкерлері күні қарсаңында Түркістан облысында денсаулық сақтау саласы мамандары арасында жүгіру марафоны ұйымдастырылды.
✔️Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасының бастамасымен өткен спорттық шараға облыстың барлық аудан-қалаларынан келген медицина қызметкерлері қатысып, өзара тартысты бәсекеде бақ сынады.
✔️Қатысушылар жоғары дайындық деңгейі мен төзімділіктерін көрсетіп, салауатты өмір салтын насихаттауға өз үлестерін қосты.
✔️Жарыс қорытындысы бойынша Ордабасы ауданының медицина қызметкері Талғат Әбдімомынұлы Атабеков жоғары нәтиже көрсетіп, облыстық марафонның жеңімпазы атанды.
✔️Бұл жетістік Ордабасы ауданы медицина қызметкерлерінің кәсіби қызметпен қатар, салауатты өмір салтын берік ұстанатынын айқын көрсетті. Сондай-ақ, жерлесіміз аудан мерейін асқақтатып, әріптестеріне үлгі бола білді.
Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-ordabin-audany/press/news/details/1243653?lang=ru

Жауап қалдыру