Сарысу ауданында құрғақ шөптің жануының алдын алу бойынша рейдтік іс-шара өткізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Сарысу ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері Орман шаруашылығы мекемесінің қызметкерлерімен бірлесіп, шаруашылық қожалықтарының тау бөктеріндегі аумақтарында құрғақ шөптің жануының алдын алу мақсатында рейдтік іс-шара жүргізді. Рейд барысында азаматтарға өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау, отты абайсыз пайдаланбау және құрғақ шөпті өртеуге жол бермеу жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар өрттің алдын алу бойынша жадынамалар таратылып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Іс-шара нәтижесінде өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу дерегі анықталып, 1 жеке тұлғаға Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 589-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Сарысу ауданы ТЖБ тұрғындарды өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Құрғақ шөп пен қоқысты өртеу ауыр зардаптарға әкеліп, табиғи өрттердің туындауына себеп болуы мүмкін.

Жамбыл облысы ТЖД

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-zhambyl/press/news/details/1243698?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді