Сегізінші шақырылған аудандық мәслихаттың кезекті 45-сессиясы өтті.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Сегізінші шақырылған аудандық мәслихаттың кезекті 45-сессиясы өтті. Сессия жұмысына аудан әкімінің уақытша міндетін атқарушы Е.Нұрланов, аудан әкімінің орынбасары А.Айдашев, Атырау облыстық Тексеру комиссиясының мүшесі Б.Анжанов, Атырау облыстық экология департаменті басшысының орынбасары Е.Есенов, қала, кент және ауылдық округ әкімдері, бөлім басшылары мен ақпарат құралдары өкілдері қатысты.

  1. 2025 жылға арналған аудандық бюджеттің атқарылуы туралы. (Баяндамашы: аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Ж.Дюсупова)
  2. 2025 жылға арналған Құлсары қаласы, Жаңа Қаратон кенті, Жем, Қосшағыл, Қара Арна, Майкөмген және Ақкиізтоғай ауылдық округтері бюджеттерінің атқарылуы туралы. (Баяндамашы: қала әкімі Қ.Адинов)
  3. Атырау облысы тексеру комиссиясының 2025 жылғы аудандық бюджеттің атқарылуы жөніндегі есебі туралы. (Атырау облысы Тексеру комиссиясының мүшесі Б.Анжанов)

4.Атырау облыстық Экология департаментінің Жылыой ауданында қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру бойынша 2025 жылы жасалған жұмыстары және алдағы жоспарлары туралы.(Атырау облыстық экология департаменті басшысының орынбасары Е.Есенов)

  1. Жылыой аудандық мәслихатының 2024 жылғы 27 тамыздағы №22-2 «Жылыой ауданы әкімдігінің дербес құрамын келісу туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы (Жылыой ауданы әкімі аппаратының жалпы бөлімінің басшысы Б.Сапарбеков)

Сессия барысында күн тәртібіне енгізілген бес мәселе жан-жақты қаралып, аудандық бюджеттің атқарылуы, елді мекендер бюджеттерінің орындалуы, Атырау облысы Тексеру комиссиясының есебі, қоршаған ортаны қорғау бағытында атқарылған жұмыстар және аудан әкімдігінің дербес құрамына өзгерістер енгізу мәселелері талқыланды.

Отырыста депутаттар қаралған мәселелер бойынша бірқатар сұрақтар қойып, өз ұсыныстары мен пікірлерін білдірді. Атап айтқанда, аудандық бюджеттің тиімді игерілуі, елді мекендердегі инфрақұрылымдық жобалардың орындалуы, экологиялық ахуалды жақсарту, қоршаған ортаны қорғау шараларын күшейту, атқарылған жұмыстардың сапалы әрі уақытылы орындалуына назар аудару қажеттігін атап өтті.

Күн тәртібіндегі барлық мәселелер толық талқыланып, тиісті шешімдер қабылданды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-zhylyoy-district/press/news/details/1243739?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді