
Телеграмм КС – https://t.me/consot_kz
Caspian University базасында отандық конституциялық құқықтың дамуына елеулі үлес қосқан көрнекті қазақстандық заңгер-ғалым, заң ғылымдарының докторы, профессор Анатолий Котовты еске алуға арналған «Билікке сенім: құқықтық негіздері мен қамтамасыз ету тетіктері» атты III Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.
Конференция мемлекеттік органдардың өкілдерін, ғылыми және сарапшылық қауымдастық мүшелерін, Конституциялық Сот жанындағы Ғылыми-консультативтік кеңестің мүшелерін, сондай-ақ докторанттар мен магистранттарды біріктірді.
Пікірталастар барысында мемлекеттік институттарға деген сенімді нығайту, конституционализмді одан әрі дамыту, құқық үстемдігін қамтамасыз ету және адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетіктерін жетілдіру мәселелері қаралды.
Қатысушылар Қазақстандағы конституциялық реформаларға, мемлекеттік институттарды дамытуға, «Заң мен тәртіп» және «Әділетті Қазақстан» тұжырымдамаларын іске асыруға, сондай-ақ олардың мемлекеттің құқықтық негіздерін нығайту мен қоғамның билікке деген сенімін арттырудағы рөліне ерекше назар аударды.
Конференция жұмысына Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьясы Роман Подопригора қатысты. Ол өз баяндамасында Конституциялық Соттың қызметі, азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау тәжірибесі және Конституцияның үстемдігін қамтамасыз етудегі конституциялық бақылаудың маңызы туралы айтты.
Сонымен қатар әкімшілік-құқықтық саладағы сот төрелігіне қолжетімділік мәселелері мен құқықтық мемлекет жағдайында адам құқықтарын қорғау тетіктерін одан әрі жетілдіру жолдары талқыланды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ksrk/press/news/details/1243751?lang=ru

Жауап қалдыру