
2026 жылғы 16 сәуірде Жамбыл ауданының Благовещенка, Қладбинка және Пресновка ауылдарында жасөспірімдермен отбасылық құндылықтарды, құқықтық сауаттылықты және азаматтық жауапкершілікті қалыптастыруға бағытталған профилактикалық кездесулер өткізілді.
Кездесулер барысында ата-ананы құрметтеу, отбасы мүшелері арасындағы өзара түсіністік, қолдау мен сенім мәселелеріне ерекше назар аударылды. Қатысушыларға отбасының жеке тұлғаның қалыптасуындағы, өмірлік ұстанымдары мен өз іс-әрекеттеріне жауапкершілікпен қарауындағы маңызды рөлі түсіндірілді.
Сондай-ақ жасөспірімдерге діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы заңнаманың негізгі нормалары түсіндірілді. Құқыққа қайшы әрекеттер үшін жауапкершілік шаралары айтылып, интернет желісінде таралатын ақпараттарға сыни тұрғыдан қарап, сақтық танытудың маңыздылығы ерекше атап өтілді.
Іс-шаралар ашық диалог форматында өтті. Жасөспірімдер талқылауға белсенді қатысып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, пікірлерімен бөлісті. Өткізілген кездесулер жастардың құқықтық мәдениетін арттыруға, отбасылық құндылықтарды нығайтуға және жасөспірімдер арасындағы деструктивті көріністердің алдын алуға ықпал етті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ovp-zhambyl/press/news/details/1243817?lang=ru

Жауап қалдыру