Т.Рысқұлов ауданы Құлан ауылындағы №10 өрт сөндіру бөлімінде тыныс алуға жарамсыз ортада жұмыс істеуге рұқсаты бар қызметкерлермен таза ауада жаттығу өткізілді. Жаттығу барысында өрт сөндірушілердің дене дайындығын арттыруға, жауынгерлік қабілетін жетілдіруге және төтенше жағдайларда дұрыс әрекет ету дағдыларын дамытуға бағытталған тапсырмалар орындалды. Мұндай оқу-жаттығулар қызметкерлердің кәсіби шеберлігін шыңдап, кез келген төтенше жағдайға дайын болуына мүмкіндік береді.
Жауап қалдыру