
Үлкеншыған мәдениет қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Үлкеншыған ауылдық амбулаториясында адам жанының арашасы, денсаулық сақшысы, мейірім мен жанашырлықтың символына айналған ақ халатты абзал жандарға арналған «Ақ халатты абзал жан» атты дөңгелек үстел өткізілді.
Шарада Үлкеншыған ауылдық амбулаториясының аға мейірбикесі Раушан Сламжанқызы мен тәлім мейірбикесі Назгуль Нұрбекқызы өз лебіздерін білдірді.
Дәрігер болу – жай ғана мамандық емес, ол – үлкен жауапкершілік пен адалдықты талап ететін қасиетті кәсіп.
Бүгінгі басқосуымыздың мақсаты – медицина қызметкерлерінің ерен еңбегін дәріптеу, олардың қоғамдағы рөлін айқындау және жас ұрпаққа дәрігер мамандығының қадір-қасиетін насихаттау.
Баршаңызға көтеріңкі көңіл-күй, мазмұнды әңгіме және жемісті кездесу тілейміз!
Сөз соңында Үлкеншыған мәдениет қызметкерлері құттықтап,еңбектерінің жемісін жеуге тілек білдіреді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-panfilov-ulkenshagan/press/news/details/1243909?lang=ru

Жауап қалдыру