
Үріл ауылындағы орта білім беру мекемесі Google Reference School атағына ие болды. Бұл мектеп осындай мәртебеге ие болған Орталық Азиядағы алғашқы оқу орны атанды.
– Бұл мәртебе білім беру үдерісіне цифрлық технологияларды енгізгені үшін берілді. Google For Education мектепке 90 заманауи ноутбук сыйға тартты. Енді оқушылар мен мұғалімдерде Google-дың заманауи, озық құралдары бар. Ауыл мектеп оқушыларына жасанды интеллект, бұлттық технологиялар және интерактивті платформалар күнделікті қолданылатын жаңа әлемге жол ашылды, – деп түсіндірді Катонқарағай ауданы әкімдігінде.
Онда қазіргі уақытта оқушылар Google-дың NotebookLM, Canva және басқа да цифрлық құралдарымен жұмыс істеп жатқаны қосылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/1243998?lang=ru

Жауап қалдыру