
Құрметті медицина қызметкерлері!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Медицина қызметкері күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Сіздердің еңбектеріңіз – адам өмірі мен денсаулығын сақтауға бағытталған аса жауапты әрі абыройлы қызмет. Күн сайынғы жанашырлықтарыңыз, жоғары кәсібиліктеріңіз бен өз ісіңізге деген адалдықтарыңыз үшін зор алғысымды білдіремін.
Сіздерге мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс, кәсіби жетістіктер және халықтың алғысына бөлене берулеріңізді тілеймін. Әр күніңіз қуанышқа, береке мен игі істерге толы болсын!
Аудан мәслихатының төрағасы Б. Ахметов
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-beimbet-maylin/press/news/details/1243995?lang=ru

Жауап қалдыру