
🔹2026 жылдың 19 маусымында «Заң және тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында Қостанай қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен Пушкин көшесі, 98 мекенжайындағы «Ай-көмек» ғимаратында мемлекеттік қызметке арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті.
🔹Іс-шара барысында қатысушылар әкімшілік мемлекеттік лауазымдар бойынша өзекті бос жұмыс орындарымен танысып, сондай-ақ мемлекеттік қызметке кіру мәселелері бойынша консультациялар алу мүмкіндігіне ие болды.
🔹Жәрмеңке азаматтарды мемлекеттік органдардағы жұмысқа орналасу мүмкіндіктері және мемлекеттік қызмет саласындағы кәсіби даму перспективалары туралы ақпараттандырудың тиімді алаңына айналды.
Қостанай облысы
Әділет департаментінің
баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/1244028?lang=ru

Жауап қалдыру