Медицина қызметкері күні

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 19 маусымда медицина қызметкері күніне арналған салтанатты жиналыс өтті.

Қалалық мәслихаттың төрағасы Нияз Макраев қатысушыларды кәсіби мерекелерімен құттықтап, денсаулық сақтау саласында ерекше көзге түскен қызметкерлерді марапаттады.

Павлодар облыстық мәслихатының Алғыс хатымен Ж.Ж.Абилдина- ШЖҚ «Екібастұз қалалық ауруханасы» КМК жалпы терапия бөлімшесінің меңгерушісі, К.М.Жуматаев,– «Дисконт» емханасының уролог дәрігері, А.К.Илгельдина- «Дисконт» емханасының жалпы тәжірибе дәрігерлері бөлімшесінің аға мейіргері, Ш.А.Уәлиева «Дисконт» емханасының геронтолог дәрігері марапатталды.

Павлодар облыстық Қоғамдық кеңесінің Алғыс хатымен Б.Б.Аскарова- «Дисконт» емханасының медициналық қызмет көрсету персоналы,                         Т.Г.Бай-Юн-Куй- ШЖҚ «Екібастұз қаласының №2 емханасы» КМК мамандандырылған бөлімшесінің меңгерушісі, М.Б.Кактаева- ШЖҚ «Екібастұз қаласының №3 емханасы» КМК әлеуметтік қызметкері марапатталды.

Көп жылғы адал еңбегі мен белсенді өмірлік ұстанымы үшін «Еуразия медициналық орталығы» ЖШС Екібастұз қалалық өңірлік бөлімшесінің бас мейіргері Ж.К.Ахаеваға, «Дисконт» емханасының №2 жалпы тәжірибе бөлімшесінің меңгерушісі М.М.Егинбаеваға, «НҰР» медициналық орталығы» ЖШС массажисі А.Т.Цыбульскенеге, ШЖҚ «Екібастұз қаласының №3 емханасы» КМК жоғары санатты жалпы тәжірибе мейіргері Г.Б.Чернобровкинаға Екібастұз қалалық мәслихатының Құрмет грамоталары табысталды.

Екібастұз қалалық мәслихатының Алғыс хаттары ШЖҚ «Екібастұз қаласының №3 емханасы» КМК жоғары санатты кәсіптік патология бойынша мейіргері У.К.Абетоваға, «НҰР» медициналық орталығы» ЖШС аспазы Е.В.Адылхановаға, «Еуразия медициналық орталығы» ЖШС Екібастұз қалалық өңірлік бөлімшесінің цехтық терапевт дәрігері А.Х.Оразалиновқа жолданды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-pavlodar-ekibastuz/press/news/details/1244067?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді