Талдықорғанда 73 отбасы қоныс тойын тойлады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Талдықорғанда 73 отбасы қоныс тойын тойлады

Бүгін әлеуметтік жағынан осал топтарға жататын азаматтарға, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, сондай-ақ көпбалалы 73 отбасыға «Жастар-3» тұрғын үй алабынан жаңа тұрғын үйлердің кілттері табысталды.

Шаттық иелерін арнайы құттықтауға Талдықорған қаласының әкімі Ернат Бәзіл келіп, жаңа баспана кілттерін салтанатты түрде табыстады.

Қала әкімі өз сөзінде тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру және оларды тұрғын үймен қамтамасыз ету мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі екенін атап өтті.

– Халықтың тұрмыс сапасын жақсарту біздің басты міндеттеріміздің бірі. Соның ішінде әр отбасының өз баспанасына қол жеткізуі ерекше маңызға ие. Облыс әкімінің қолдауының арқасында қаламызда тұрғын үй құрылысының көлемі жыл сайын артып келеді. Өткен жылы Талдықорғанда 630-дан астам азамат баспаналы болса, биыл жыл соңына дейін шамамен 1400 тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланып отыр. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасады. Жаңа қоныстарыңыз құтты болып, әр шаңыраққа ырыс-береке, бақ-дәулет пен шаттық әкелсін, – деді қала әкімі.

Еске салсақ, жыл басынан бері Талдықорған қаласында халықтың әлеуметтік жағынан осал санатындағы азаматтарға 415 баспана берілген. Тұрғын үйлер қаланың «Береке» коттедж қалашығында, «Жастар-3» тұрғын үй алабында, «Шығыс» және «Құлагер» шағын аудандарында, сондай-ақ, Қ. Жалайыр даңғылы бойынан берілді.

Сонымен қатар, «Жастар-3» тұрғын үй алабында жалпы саны 790 жайлы тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Бүгінгі таңда оның 393-інің құрылысы аяқталып, 198 баспана тұрғындар игілігіне пайдалануға берілген. Қазіргі уақытта тұрғын үй алабын дамыту жұмыстары қарқынды жалғасуда. Атап айтқанда, жол инфрақұрылымын жақсарту және аумақты абаттандыру бағытында кешенді жұмыстар жүргізілуде.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-taldykorgan/press/news/details/1244202?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді