
2026 жылғы 18 маусым күні Целиноград ауданының әкімі Дарын Сабырғалиұлы Қараөткел және Қаражар ауылдарының тұрғындарымен есептік кездесу өткізді.
Кездесу барысында ауданның және ауылдардың әлеуметтік-экономикалық даму барысы, инфрақұрылымдық жобалардың іске асырылуы, абаттандыру жұмыстары және тұрғындардың өмір сапасын арттыруға бағытталған жоспарлар жан-жақты талқыланды. Тұрғындар өздерін толғандырған өзекті мәселелерін көтеріп, ұсыныстарын білдірді. Қойылған сұрақтарға аудан әкімі тарапынан тиісті түсіндірмелер беріліп, бірқатар мәселелердің шешу жолдары айтылды.
Сонымен қатар, есептік кездесу соңында Дарын Сабырғалиұлы азаматтарды жеке қабылдап, олардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдады. Көтерілген мәселелердің барлығы назарға алынып, тиісті салалық бөлімдерге нақты тапсырмалар беріліп, олардың орындалуы бақылауға алынатыны атап өтілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-selinograd/press/news/details/1244216?lang=ru

Жауап қалдыру