Округ әкімі жеке қабылдау өткізді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Округ әкімі Е.Коныров ауыл тұрғындарын жеке қабылдап, олардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдады. Қабылдау барысында мал ауруларының алдын алу, ветеринариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және ауыл шаруашылығы жануарларын уақытылы егу мәселелері көтерілді.

Округ әкімі ветеринария саласының мамандарымен бірлесіп, мал арасында жұқпалы аурулардың таралуына жол бермеу үшін профилактикалық іс-шараларды күшейтудің маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, тұрғындарға бекітілген жоспарға сәйкес малдарды уақытылы вакцинациялау қажеттігі түсіндірілді.

Қабылдау барысында көтерілген мәселелер бойынша тиісті түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, жауапты мамандарға нақты тапсырмалар берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-arkarly/press/news/details/1244390?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді