
Отырыста білім беру ұйымдары басшыларының педагогикалық әдеп нормаларын сақтау мәселелері, қызметтік міндеттерін орындау барысында орын алған жағдайларға құқықтық және қызметтік баға беру, сондай-ақ қолданыстағы заңнама талаптарының сақталуы қаралды.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша әлеуметтік желілерде жарияланған материалдар зерделеніп, педагогтің кәсіби әдебі мен қызметтік мінез-құлқына қатысты мәселелер талқыланды. Сонымен қатар, сот актілері негізінде білім беру ұйымы басшысының қызметіне қызметтік-құқықтық баға беру, қызметтік тексеру жүргізу және тәртіптік жауапкершілігі мәселесін қарау жөнінде ұсыныстар енгізілді.
Кеңес мүшелері қаралған мәселелер бойынша тиісті ұсынымдар қабылдап, білім беру ұйымдарының басшылары мен педагог қызметкерлеріне педагогикалық әдеп қағидаларын қатаң сақтау, қоғаммен және бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара қарым-қатынаста жоғары кәсіби мәдениет таныту қажеттігін атап өтті.
Отырыс соңында әртүрлі мәселелер қаралып, тиісті шешімдер қабылданды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/control-turkestan/press/news/details/1244396?lang=ru

Жауап қалдыру